Ресми
Елбасы: “Қарағанды миллионер қала атануы керек”
Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды қаласына келген жұмыс сапарында кеншілер шахарының миллионер қала мәртебесін алуына толық мүмкіндігі барын айтты.
- Бүгінде мұнда 500 мың адам тұрып жатыр. Мен, Қарағанды қаласы да миллионер қалалардың қатарына қосылғанын қалаймын. Алматы қаласының тұрғындары екі миллионға жетті, Астаналықтардың саны миллионнан асты. Шымкент те миллионер қала атанды. Келесі кезек Қарағандыда. Бұл үшін өндірістерді дамытып, тұрғындардың әлеуетін арттыру керек, – деді мемлекет басшысы.