Жаңалықтар
Грузия Премьер-Министрі Қазақстанға ресми сапармен келді
Елімізге ресми сапармен Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибашвили келді, деп хабарлайды primeminister.kz.
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында мәртебелі мейманды Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қарсы алған.
Премьер-министрдің ресми сайтының хабарлауынша, екі күндік сапар аясында Грузия үкіметінің басшысы Қазақстан басшылығымен келіссөздер өткізуді жоспарлап отыр. Тараптар екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылайды. Сонымен қатар Грузия премьер-министрі “Астана” халықаралық қаржы орталығының жұмысымен танысады.