Жаңалықтар

Министр полицейлердің айлығын өсірудегі басты кедергіні айтты

Полиция сержанттарын офицерлік лауазымға ауыстыру тәртіп сақшыларының жалақысын көтеруге және кадр сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл туралы бүгін ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, жергілікті әкімдердің қолдауымен өңірлерде сержанттық лауазымдарды офицерлік лауазымға ауыстыру шаралары жүргізілуде.

“Қазір 3 мыңнан астам лауазым офицерлікке ауыстырылған. Өкінішке қарай, бұл жұмыс тек үш өңірде толық аяқталды: ШҚО, Жамбыл және Қызылорда облыстары. Жеті өңірде жартылай өткізілді: Астана қаласы, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары. Ал қалған өңірлерде бұл мақсатқа әзірге қаржы бөлінбеген”, — деді Қасымов үкімет отырысында.

ІІМ басшысы әкімдерден осы проблемаға назар аударуды сұрады.

 “Бұл мәселені шешу полиция қызметкерлерінің еңбекақысын көтеруге және кадр сапасын жақсартуға мүмкіндік береді”, — деді ол.

Сондай-ақ, Қасымов әрбір облыс орталығында полицейлер үшін отбасылық жатақхана салу мәселесіне тоқталды.

“Бұл жерде Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тәжірибесі көпке үлгі. Екі жылдың ішінде бір жатақхана салынып, пайдалануға берілген. Екінші жатақхана құрылысы басталды”, — деді министр.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button