Пәтерден жылан табылды

Нүркен Әбдіров даңғылының бойындағы көпқабатты 25-ші үйдің 6-шы қабатында тұратын Воронцовтар отбасы пәтерден жылан тауып алды. Қауіпті қонақтың пәтерге қалай кіргені әзірге белгісіз.

Көрнекі сурет

«Жыланды таңертең 8-дер шамасында ас үйге кірген әжеміз байқапты. Құтқарушылар жыланды үшінші мүмкіндік жасағанда бірақ ұстады. Құбыр мен кәріз жүйесі өтетін жерлер жабық болғандықтан, жыланның құбырлардан келуі мүмкін емес», – дейді пәтер иесі Андрей Воронцов.

Сондай-ақ, пәтер иесі жыланның улы не улы еместігі анықталғаннан кейін оны зоодүкенге немесе зообаққа апаратынын айтады.

Құтқару қызметі жыланды пәтер иелеріне қалдырыпты. Болжам бойынша жылан көрші пәтерлердің бірінен келуі мүмкін. Дегенмен, тұрғындар бауырымен жорғалаушыларды асырайтындардың жоқ екенін айтады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.