Приозёрск қаласында “Күрес мектебі” спорт клубы ашылды
Приозёрск қаласында “Күрес мектебі” спорт клубы ашылды, онда қазақ күресінен жаттығулар өтеді. Мектепте 8 жастан 17 жасқа дейінгі спортшылар, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар жаттыға алады.
Бірнеше күннің ішінде тегін бөлімдерге 30-ға жуық бала жазылды.
– Мен қазақ күресі мен жекпе-жектен спорт шеберімін. Жақында Приозёрск әкімдігінен шақыру алып, осында көшіп келдім. Бұрын Қарағандыда тұрғанмын. Спорт клубы әкімдік пен демеушілер – жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен ашылды, – дейді жаттықтырушы Мағди Дүйсетаев.
Клубта сабақтар жайлы өтуі үшін барлық жағдай жасалған. Шкафтар мен душтары бар киім ауыстыратын бөлмелер жабдықталған.
– Әзірге мен жалғыз жұмыс істеймін. Мектебімізде 100-ге жуық бала жинауды жоспарлап отырмын, – дейді Магди. – Осы қалада қазақ күресін дамытуға ниеттімін, менің ойымша, жергілікті балалардың бұл спорт түрінде әлеуеті зор.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.