#Biz birgemiz!

Кәсіпкерлер полицейлер мен дәрігерлерге түскі ас жеткізіп берді

Қарағандылық кәсіпкерлер қиын кезеңде өз бастарын қатерге тігіп, қызмет атқарып жүрген полицейлер мен дәрігерлерге қолдау көрсетуде. Олар санитарлық бекеттерге ыстық түскі ас жеткізіп берді. Игі іске  облыстың бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа мұрындық болып,  “Мансұр” ТҚКО және “Аспап” ЖК қолдау көрсеткен. 

– Мен өзім полицияда 10 жылдан астам қызмет еттім. Қазіргі таңда бұрыңғы әріптестерім мойындарына қандай жуапкершілік алғанын жақсы түсінемін. Осы қиын сәтте оларға моральдық қолдау көрсетіп, қайсарлығы үшін алғыс білдіргіміз келеді. Коронавирус пен ТЖ режимі және карантин жақын арада аяқталады деп үміттенемін. Тәулік бойы жұмыс істеуге мәжбүр болған жерлестеріміз шаңырақтарына, өз отбасына қайта орала алады, – дейді кәсіпкер Қуандық Ғабдуалиев.

Өз кезегінде Өмірзақ қажы Бекқожа игі істердің мадақ пен бедел үшін ұйымдастырылмағанан атап өтті. 

– Бір-бірімізге моральдық және материалдық көмек көрсетейік. Қиындықтарды бірге өткері анағұрлым оңай болады. Өздеріңізді сақтаңыздар, карантин талаптарын орындаңыздар! – деп Өмірзақ қажы Бекқожа.

Осы орайда, түскі асты жеткізу барысында санитарлық талаптар қатаң сақталғанын да айта кеткен жөн.

Басқа материалдар

Back to top button