#Biz birgemiz!

Сенімді нықтайтын мереке

Жақында Рухани келісім күніне орай Қарағанды политехникалық колледжінде студенттер арасында жиын өтті.

Жиында Қарағанды политехникалық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Азамат Екіжанов студенттерге этносаралық және конфессияаралық келісім әр кезде жалпыхалықтық жетістік болып қала беретінін тілге тиек етті.

– Осы орайда Елбасының бастамасымен Астанада әр үш жыл сайын Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезі ұйымдастырылып келеді. Конфессияаралық диалогтың басқа жиындардан ерекшелігі – өзекті проблемаларды қамтиды. Көпұлтты, көптілді, көпконфессиялы қоғамның мәселелері қаралады, – деді Азамат Екіжанов.

Студенттер арасында өткен жиынды ұйымдастырушы «Жігер» жастар алқалық кеңесі төрағасы Нұрланат Әділетұлының айтуынша, Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауында «Жаһандану дәуірі көпұлтты мемлекеттер дәуірі. Бұл – әлемдік үрдіс. Еліміздің дамуына барша ұлт бірге үлес қосты. Ендеше, Тәуелсіз қазақ елінің азаматтарын алалауға, бауырластығын бұзуға ешкімнің хақысы жоқ. Барлық ұлт өкілдерімен тіл табысып, тату-тәтті бейбітшілік пен келісімде өмір сүру – барша қазақтың басты қағидасы болуы шарт» деп атап өткен.

Қазіргі таңда оқу орнында әртүрлі ұлт өкілдерінен тұратын жастар білім алуда. Олардың арасында этностық немесе басқа да белгілер бойынша жақсы немесе жаман деп бөліну, қысым жасалу орын алған емес. Барлығының құқықтары мен міндеттері бірдей.

Аяулым СОВЕТ.

Басқа материалдар

Back to top button