25 мың қазақ ату жазасына кесілген

Бұған дейін әр түрлі дерек көздерінде Алаш арыстарының 1915 жылы «Әлхәмдулла, 6 миллион қазақ бармыз!» дегенін есепке алып келген оқығандар. Кейінде 1911 жылы Қазақ халқының саны 8 миллион болғаны туралы нақты дерек көзі табылды.


ХХ ғасыр басында қазақ саны туралы ресми мәлімет болмаған. Тек бертінде, 2010 жылы ғана 1911 жылғы санақта қазақ халқының саны 8 миллион болғанын айғақтайтын ресми дерек шықты. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарына жазушы Смағұл Елубай хабарлады. Оның айтуынша, профессор Шолошниковтың 1921 жылы Орынборда шыққан кітабында «қазақ халқының саны 1911 жылы 8 миллион болды» деп көрсетілген. Ал бұған дейін ғалымдар қазақ саны 4,5-5 млн. десіп жүрген еді. Демек, бұл дерек қазақ жерінде екі ашаршылық болғанын, ақ патша кезінде де қазақ халқы санының баудай қысқарғанын айғақтайды. 

1926 жылы аталған көрсеткіш екі есеге күрт қысқарып, 4 миллионға құлады. Ал 1939 жылы – 2,5 млн. Міне, бұл ресми статистика – қазақ халқына қынадай тиіп, оны ұлт ретінде жойып, ал жерін өзге этностар лабораториясына айналдыру арам пиғылының көрінісі. Қазақтың көзін жоюға ақ патша кірісіп, оны қызыл империя әрі қарай жалғағанын дәлелдейді.
1926 жылы қазақ халқының саны – 3 млн. 713 мың 394, жалпы республика халқының 57,1 пайызын құрайды делінеді дерек көздерінде.
Ал, 1939 жылы 2 млн. 327 мың 625 болып, республика халқының 37,8 пайызын құрайды екенбіз. Ал, орыстың үлесі осы кезде жергілікті ұлттан 2 пайызға асып түседі. Ашаршылықты ушықтырған күштеп ұжымдастыру салдарынан қазақтың қолындағы малының алынып қойылуы еді. Егер 1929 жылы қазақтың қолында 40 млн. мал басы болса, 1933 жылда одан қалғаны – 4,5 млн, яғни, небары төрт жыл ішінде мал саны 10 есеге азаяды. Әр отбасында кем дегенде 40-тан аса мал басын ұстаса, аштықтан соң әр үйден екі-ақ бастан кездестіруге болған.
Азамат соғысы кезінде қылышын жалаңдатқан қызылдардың да, ақтардың да алдындағы малын, барын тартып алып, қазақты басынғаны жайлы тарихи деректер толық ашылмаған.
Ашаршылықтан кейін де қазақтың басынан қара бұлт сейілген емес. ІІ дүниежүзілік соғысты айтпағанның өзінде оның алды мен артындағы «ұлтшылдар», «тап жаулары», «әлеуметтік қауіпті элемент» ретінде қазақтар саяси-қуған сүргінге ұшырап отырған.
1920 жылдан басталған саяси қуғын-сүргін 1950 жылдарға, яғни, Сталин көз жұмғанға дейін бір сәтке дамыл таппаған. Шамамен 200 мың қазақ саяси қуғын-сүргінге ұшыраса, оның 25 мыңы ату жазасына кесілген делінеді деректерде. 

Ғаламтор беттерінен.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.