Бас тақырыпКоронавирусРесми

23 наурыз: Аймақтың санитарлық-эпидемиологиялық және су тасқыны бойынша жағдайы қандай?

Қарағанды облысында су тасқынның алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар кешенін жүзеге асыру жалғасуда. Коронавирустық инфекцияның жаңа жағдайлары тіркелген жоқ. Автомобиль жолдарында санитарлық бекеттер жұмыс істейді.


Бүгінгі күні карантинде 133 адам тәулік бойы бақылауда. Олар –  1А санатындағы елдерден оралған немесе шартты түрде жұқтырған адамдармен байланыста болған азаматтар. Үй карантинінде – 57 адам, медициналық бақылауда – 134, ал 405 адам қашықтан мониторингте.

Қазіргі таңда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты міндеттердің қатарында. Қоймаларда халық қажеттілігінің айлық қоры бар. Бағаны тежеу үшін тұрақтандыру қорынан көкөніс өнімдерінің интервенциясы басталды. Сауда орындарына 50 тонна картоп жеткізілді. Тұрақтандыру қорына қажетті өнімдер: күріш және қарақұмық, қант және күнбағыс майының қоры ұлғайтылады. Бұл мақсатқа жеткілікті қаражат бөлінген.

Сондай-ақ, облыс аумағында көктемгі су тасқынына дайындық шаралары жүргізілуде. Елді мекендерден екі миллион текше метрден астам қар шығарылды. Автожолдарда барлық су өткізу құрылыстары тазаланды. Самарқанд, Ынтымақ және Шерубай-Нұра су қоймаларынан су ағызылады. Өзендер мен көлдерде алдын алу жұмыстарын өткізу шеңберінде мұз ұсатылып, жарылыс жүргізілуде. Бұл мұз кептелісінің алдын алып, судың өзен арнасымен ағуына мүмкіндік береді. 

Басқа материалдар

Back to top button