Жаңалықтар

Қарағандыда ат жарыс өтеді

Қарағандыда 14-ші қазан, жексенбіде бәйге өтеді. Арғымақтар төрт түрлі қашықтықта жарысады, – деп хабарлайды karaganda-region.gov.kz 

Қорытынды бәйгеде бір жасар жылқылар 6 шықырып шапса, екі жасар аттар – 12 шақырым шабу керек болады. «Топ бәйге» дистанциясы 17 шақырымды құрайды, ал ең ұзақ қашықтық 25 шақырым болады. 
Бірінші орын үшін берілетін сыйлық – асыл тұқымды жылқы. 
Шараға келген қонақтар үшін ипподромда киіз үйлер орнатылады, ұлттық ойындар ұйымдастырылады, сондай-ақ ыстық палау мен шай беріледі. 
Бәйге 14-ші қазанда 10.00-де басталады. Ұйымдастырушылар барлық ниет білдірушілерді «Сарыарқа» әуежайына апарар жолдың сол жағында орналасқан Құрылыс ауылындағы ипподромға шақырады

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button