Жыл басынан бері 3,3 мың қарағандылық алаяқтарға алданған
Қаңтар мен қараша айының аралығында сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізімінде «Алаяқтық» бабымен 40 мыңнан астам қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Олардан келген жалпы шығын 97 млрд. теңгені құрайды. Алаяқтардың құрығына ілінгендердің қатарында қарағандылықтардың да саны басым, деп хабарлайды Ortalyq.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл ретте, 19,9 мың жағдайы, яғни, бұзушылықтардың жартысына жуығы интернет-алаяқтық жолымен жасалған. Ал, 267-сі төлем карталарын пайдалана отырып жасалған жағдайлар. Несие түрімен – 53 жағдай, ақшалай қаражатты қарызға алу арқылы – 41 жағдай тіркелген.
Алаяқтық фактілерінің көбі Алматыда орын алған (8,5 мың жағдай). Антилидерлер тізімінде елордалықтар да (6,5 мың жағдай) бар. Сонымен қатар, Қарағанды облысында да 3,3 мың жағдай есепке алынған.
Ал, ең төмен көрсеткіштер Ұлытау (397 жағдай), Қызылорда (615 жағдай) және Жамбыл (806 жағдай) облысында тіркелді.
Айта кетейік, жыл басынан бері алты мың азамат осы бұзушылық бойынша жауапкершілікке тартылған.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.