Журналистерге құрмет
Облыстық соттың төрағасы Мұсабек ӘЛІМБЕКОВ сот тақырыбында қалам тербеп жүрген бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін қабылдап, Байланыс және ақпарат саласы қызметкерлері күнімен құттықтады.
Білікті журналистер аймағымызда орын алған резонансты сот процесін ақпараттандыруда әдеттегідей өз кәсібилігін көрсетіп, сот жүйесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуге үлесін қосып келе жатқандығын атап өтті
– Сот тақырыбындағы ақпараттың шынайы болуы, кәсіби деңгейі, сапасы Фемида өкілдері үшін өте маңызды. Өйткені, сот жүйесінің қызметі туралы қоғамдық пікір бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қалыптасады. Баспасөз қызметкерлерін, жалпы алғанда, біздің әлемімізді ақпаратпен байытып отырған барлық БАҚ өкілдерін құрмет тұтамыз. Сіздермен ынтымақтаса жұмыс жасауға дайынбыз, – деді М.Әлімбеков
Облыстық сотының төрағасы кездесу соңында сот билігінің имиджін нығайтуға үлес қосқан журналистерге Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.
Нұрдос КӘРІМ,
«Орталық Қазақстан»