Бас тақырыпОблыс әкімі

Жезқазғанда Назарбаев зияткерлік мектебі ашылады

Қазіргі таңда мектепті ашуға қажет рұқсат алынған. Жаңа мектептің оқу шарттары мен сапасы  республиканың ірі қалаларындағы зияткерлік мектептермен бірдей болады. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек аппараттық жиында мәлімдеді.

Аймақта келешекте алты мектеп ашу жоспарланған. Солардың бірі – Жезқазған қаласында ашылатын Назарбаев зияткерлік мектебі. Сондай-ақ,  Қарағанды қаласында  екі орта мектеп және Теректі ауылында, Шет және Ұлытау аудандарында жаңа мектептер салынады. 

– Жаңа мектептер құрылысының арқасында оқу орындарының саны жеткілікті болады. Осылайша біз жұмыс жүктемесін және үш ауысым мәселелерін шешеміз. Ендігі  міндет – ашылғанына 30 жылдан асқан мектеп ғимараттарын күрделі жөндеу. Қарағайлыда «Ауыл – ел бесегі» жобасы аясында ғимаратты жөндеуге 500 миллионға жуық теңге бөлінді. Дәл осындай жұмыс Егіндібұлақта жоспарланған, -деді Жеңіс Қасымбек.

Сондай-ақ, ол ерекше қажеттіліктері бар балаларға жағдай жасау керектігін айтты.
Аймақ басшысы қалалар мен аудандардың әкімдеріне бір апта ішінде күрделі жөндеуді қажет ететін мектептердің толық тізімін беруді және құрылыс пен жөндеу жұмыстарына бөлінетін шығындардың жол картасы жасауды тапсырды. 

Басқа материалдар

Back to top button