Жезқазғанда баспана құрылысы қарқынды

ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРЛАН ҚОШАНОВТЫҢ ХАЛЫҚПЕН ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУІНДЕ БАСПАНАМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ БІРҚАТАР СҰРАҚ ҚОЙЫЛДЫ. СОНЫҢ БІРІ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ КӨППӘТЕРЛІ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА ҚАТЫСТЫ НЕСКЕН ӨМІРЗАҚҰЛЫНЫҢ САУАЛЫНА ЖАУАП БЕРІЛДІ.

Аймақ басшысы Жезқазған қаласында жалдамалы және несиеге берілетін тұрғын үйлердің құрылысы үшін қаражат қарастыру мәселесін облыс әкімінің бірінші орынбасары Асылбек Дүйсебаевқа, облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Тайжан Қалмахановқа, Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Бегімовке осы жылдың мамырына дейін шешуді тапсырған болатын.

Жезқазған қаласында құрылысы биыл басталған 60 пәтерлі жалдамалы тұрғын үйдің құрылысы үшін республикалық бюджеттен 141 млн. теңге бөлінді. Ол 2020 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Сонымен қатар, несиелік бағыттағы 18 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысына облигациялық қарыз есебінен 143 млн. теңге қарастырылған. Бұған қосымша облыстық бюджеттен 79,6 млн. теңге көлемінде қаражат бөлу жоспарланған. Тұрғын үйдің пайдалануға берілу мерзімі – биылғы жылдың желтоқсаны.

Өз тілшімізден.