Жерлесіміз алтын да алды, рекорд та жаңартты

Қытайда өтіп жатқан IV Азия пара ойындарында қашықтыққа жүзуден қарағандылық Диас Кенжебек ел қоржынына кезекті алтынды салды. Сонымен қатар Азия және Азия пара ойындарының рекордын жаңартты.

Сурет интернеттен алынды

Жерлесіміз 100 м қашықтықты 1:05:42 уақыт аралығында бағындырып, жаңа рекорд орнатты.

Кенжебек Диас – 19 жаста. 2013 жылдан бастап облыстық мүгедектер спорты мектебінде тәлім алады. Жүзуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Паралимпиада ойындарының, ҚР спартакиадаларының, халықаралық турнирлердің жеңімпазы.

– Азиадада Қазақстан құрамасы дәстүрлі түрде осы спорт түрінен өте жақсы нәтиже көрсетіп келеді және бүгінгі жетістік-осының жарқын дәлелі. Команданың жаттықтырушылар штабына ерекше алғыс айтамын. Ел сіздің еңбегіңізді мақтан тұтады, – деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.