Жаңалықтар

Жауынгер Журналист

Әлемдегі «фашизм» езгісіне қарсы соғысқа қатысқан ағалардың біреуі емес-ау, бірегейі болған менің немере ағам, Ұлы Отан соғысының ардагері – Зұлқарнайын Әбішев.

Суретте: сол жақтан (төменгі қатарда) Зұлқарнайын Әбішұлы.

Ол – Қарқаралы жерінің тумасы, қазақтың ұшқыш қырандары ретінде соғысқа қатысқан. Зұлқарнайын ағайым жастайынан ұшқыр ойлы, өте сезімтал, зерек, сөзге шебер, газет-кітапты көп оқитын, дарынды, сымбатты, көрікті болатын. Өзіміздің Қарағанды қаласындағы №7 Жамбыл атындағы орта мектепті үздік бітіріп, екі жылдық мұғалімдер институтына түсіп, оны да үздік бағамен бітірген. Ақмола облысының бір ауданында алғашында мұғалім, кейін сол мектептің директоры болып жүргенде Ұлы Отан соғысы басталады.

Ел басына күн туғанда өзі тіленіп соғысқа аттанады. Зеректігінің, білімділігінің және денсаулығының арқасында әскери комиссияның іріктеуінен, емтиханнан мүдірмей өтіп, Ташкенттің ұшқыштар дайындалатын мектебін жедел бітіріп шығады.

Жан берісіп, жан алысқан «Әуе» соғыстарына қатысып, қазақтан шыққан ұшқышштурман Зұлқарнайын Әбішев талай жеңістерге жетеді.

Алланың берген қуатымен жауды жеңіп, соғыс біткенде елге оралады.

Келгеннен кейін өскен жері, кеншілер қаласы Қарағандыда бейбіт өмірге араласады. «Социалистік Қазақстан», «Лениншіл жас» газеттерінің меншікті тілшісі, радиоком журналисі болып, күллі күш-жігерін тілшілікке арнайды. Көп жылдар редакцияда, радиокомда қажырлы еңбек етеді. Екі рет шаңырақ құрса да, ағайдан ұрпақ болған жоқ. Шығармашылық адамдарының жүрегі сезімтал болады, ұрпағының болмағанын көп уайымдағаннан дертке шалдығып, өмірден ерте озды. Марқұм Қарағандының «Костенко» шахтасы жанындағы №1 үлкен қорымда жерленген.

Зәкен ӘБІШЕВ,

еңбек ардагері, зейнеткер.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button