Қаражал

Жастар акциясы

    Қаражал қаласында «25 жұлдызды күн» кешенді бағдарламасы аясында мектеп оқушылары және жастар қауымының қатысуымен «Рәміздерім – мақтанышым» атты бұқаралық сипаттағы акция ұйымдастырылды.

Ел Тәуелсіздігінің айғағы саналатын мемлекеттік рәміздерді қастерлеу ұғымын жас буынның санасына сіңіруді мақсат тұтқан акция аясында қатысушыларға ел рәміздерінің мән-маңызы мен ерекшеліктері хақында кең көлемді ақпарат беріліп, патриоттық мазмұндағы сұрақ-жауап ойындары ойнатылды. Сонымен қатар, ұлтжандылық ұстанымындағы жастар өкілдері – №1 қазақ орта мектеп оқушысы Самат Жаңабаев пен қаладағы тау-кен техникалық колледжінің студенті Нұрасыл Бекмағанбетов Ел, Елбасы және мемлекеттік рәміздерге қатысты жүрекжарды пікірлерімен бөлісті.

Иә, Тәуелсіздік тізгіні – кемел келешектің кепілі саналатын жас ұрпақтың қолында. Осындай акциялар өткізу тәсілімен олардың санасын ширатып, патриоттық сезімдерін ояту, сол арқылы елжандылыққа тәрбиелеу – ертеңін ойлаған қоғамның бірегей міндеті.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ

ҚАРАЖАЛ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button