Бас тақырып

«Самұрық-Қазына» рейтингтері тұрақты деңгейде қалды

Халықаралық Fitch Ratings рейтинг агенттігі «Самұрық-Қазына» АҚ-ның кредиттік рейтингін BBB деңгейінде, ал «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның рейтингін BBB- деңгейінде растады. Екі ұйым бойынша да рейтинг болжамы «Тұрақты» деңгейінде сақталды. Агенттіктің мұндай бағасы аталған компанияларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілу ықтималдығының жоғары екенімен байланысты.

Сурет sk.kz

«Самұрық-Қазынаның» рейтингісі егеменді рейтингісімен теңестірілген. Себебі, Fitch агенттігі мемлекеттің төтенше қолдау көрсету ықтималдығын кепілдендірілген (Virtually Certain) деп бағалайды. Бұл мемлекеттің қордың жалғыз акционері болуымен, оның басшылығын тағайындауымен және қорды стратегиялық мемлекеттік міндеттерді іске асыру құралы ретінде пайдалануымен байланысты. ҚТЖ рейтингісі бір саты төмен және мемлекеттің қолдау көрсету ықтималдығының өте жоғары (Extremely Likely) екендігін, сондай-ақ, компанияның дербес кредиттік бейінінің bb- деңгейінде екенін көрсетеді. ҚТЖ толығымен «Самұрық-Қазына» қоры арқылы мемлекетке тиесілі және ұлттық теміржол операторы қызметін атқарады.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button