Балқаш

Жас экологтар бас қосты

   Қасиетті Жер-Ананы көздің қарашығындай сақтап, берекелі, бейбіт ғұмыр кешу әр ұрпақтың парызы. Қазіргі таңда дүние жүзінде экология мәселесі асқынып тұр. Табиғат адамдардан аялы алақан, қамқорлығын күтеді, жанашырлықты қалайды.

Балқаш қаласындағы академик Ж.Ақылбаев атындағы Маңызды білім беру колледжінде «Өзен, көл-су және өмірді қорғау» атты экологтар басқосуы өткізіліп, тұщымды пікір, ұсыныс айтылды. Негізгі мақсат – қасиетті Балқаш көлінің тағдырына, болашағына назар аудару. Жас ұрпақтың алдында осы тұрғыда қандай жауапкершілік тұр?

Жас экологтар бас қосуында «ЭКСПО – 2017» макеті көрсетілді. Сондай-ақ, «Су әлемі», «Су – өмір нәрі» аясында қолөнер байқауы өткізіліп, жеңімпаздар анықталды. Мұнымен қоса, Балқаш көлінің тағдырына арналған шығармашылдық жұмыстар талқыға салынып, озық дүниелер лайықты марапатқа ие болды.

Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ

БАЛҚАШ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button