Еңбек күніне орай, «Молодежный» мәдениет үйінде «Қолымыздың күші» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға қатысқандар қатарында «Орталық» БҚР ардагерлер кеңесінің төрағасы, генерал-майор Е.Рустемханов, «Нұр Отан» партиясының мүшесі М.Фатеева, еңбек ардагері Б.Әубәкірова, облыстық Чернобыль қоғамының төрағасы О.Ким, дәрігер М.Талалуев, ҰОС ардагері А.Каховский, Республикамыздың Қарулы Күштерінің ардагері, генерал-майор Я.Дуда және №52859 бөлімінің әскери қызметкерлері бар.
Олар өздерінің еңбек жолдарындағы жарқын сәттерімен, табысты қадамдарымен бөлісті.
Дөңгелек үстелге қатысушылар – әскери бөлімнің жігерлі жастары сұрақтарын қойып, өздерінің болашақтағы жоспарларымен бөлісті.
Диана САПАРҚЫЗЫ,
Қарағанды қаласы әкімінің баспасөз хатшысы.