Бас тақырыпЖаңалықтар
Аида Әбікеева бокстан Қазақстан чемпионы атанды
Тараз қаласында өтіп жатқан бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатында Қарағанды облысының спортшысы Аида Әбікеева алтын медаль жеңіп алды.

65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен екі дүркін әлем чемпионы финалда Шымкент қаласының боксшысы Лаура Есенкелдіні 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.
Осылайша, қарағандылық спортшы ел чемпионатының жеңімпазы атанды.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



