Ресми

Жақсы іс жан жылытады

Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуына орай, №2 оқушылар сарайында «30 игі іс» акциясы бастау алды. Облыстық мәслихатының төрағасы Нұркен Қобжанов жиылған көпшілікті алғыс айту күнімен құттықтады. Бастаманың баянды болуына тілектестік білдірді.

Суреттерді түсірген автор

Шара барысында түрлі диагнозы бар ерекше бала тәрбиелеп отырған 30 отбасына азық түлік пен ойыншықтар себетін облыстық мәслихат депутаттары риясыз табыстады.

– Бұл игі іс алғыс айту күнімен тұспа тұс келді. Қоғамдық бірлестік резиденті, блогер Айсұлу Даймышеваның және осы шараға мәслихат депутаттарымен бірлесіп ұйытқы болуда. «Қамқор жүрек» акциясы қалғып жатқан жүректерді оятады деп сенеміз! Осы бір орайлы сәтті пайдаланы отырып, елімізге игілік тілейміз! Көктемнің алғашқы күнімен келіп жеткен ақжолтай ақпарлар жұртымызға берекесімен келсін, – деп ағынан жарылды облыстық мәслихатының депутаты, Старт кино қоғамдық бірлестігінің төрағасы Арман Әлімжанов.

Еске салып өтер болсақ, атаулы заң қабылданған соң 1993 жылдың 7 наурызында алғашқы барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы өткен еді. Осы тәрізді игі шаралар қатары жыл бойы үздіксіз жалғаспақ. Шара соңы көркем концетке ұласа берді.

Мақаланың толық нұсқасын басылымның алдағы санынан оқи аласыздар.

Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button