Жаңашыл білім – уақыт талабы
Еліміздің білім беру саласы жаңартылған орта білім беру мазмұны бойынша өз жұмысын өткен оқу жылынан бастағаны белгілі. Осы мақсатта педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстары облысымызда өз жалғасын тапты. Курс үйлестірушілерінің бірі – «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты.
Курс мазмұны жаңартылған оқу бағдарламасын түсінуді, соның ішінде оқу бағдарламасының шиыршық, критериалды бағалау қағидаттарын, тиімді оқытудың әдіс-тәсілдерін, тілдік дағдылар мен құзыреттілікті дамытудың маңыздылығын айқындауды көздейді.
Осындай курстың бірі Атасу кентінде қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінен 29 мамыр – 6 маусым аралығында ұйымдастырылды. Оған аудан көлемінде жұмыс істейтін 23 мектептің 32 мұғалімі қатысты. Мамандар тұлға игеруге тиісті таным, әрекет, тәжірибе тәсілдерін, құзыреттілікті қалыптастыру жолдарын қарастырды. Педагогикалық мәселелер туралы ақпараттарды жинақтап, нақты жағдайда шешуге байланысты ой алмасты, мәселені шешу жолдарын анықтады.
Алда нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесінен құзырлы түлек дайындау күтілуде. Осы мақсатқа орай оқыту мазмұны мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі мен шығармашылық әлеуетін дамытуға негіз болды. Ендігі мәселе мұғалімнің педагогикалық қызметін жоғары деңгейде атқаруына байланысты болмақ. Білім мазмұнын жаңарту қажырлы еңбекпен келеді. Олай болса, мұғалімдердің кәсіби жауапкершілікті сезініп, педагогикалық білім, білік, дағдыны тиімді пайдаланып жүзеге асыруы нәтижеге қол жеткізеді. Сонда ғана бүгінгі заман талабына сай бағытталған білім беру жүйесі жүзеге асырылады.
М.АЙТКЕНОВА,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының
Қарағанды облысы
бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы.
Қ.АСАНОВА,
Бидайық орта мектебі мұғалімі.
ЖАҢААРҚА ауданы.