Қарқаралы ауданы, Абыз ауылындағы №27 негізгі мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне «Қазақмыс корпорациясы» демеушілік жасаған.

Бүгінде мектеп ғимаратының төбе жабындылары толық ауыстырылып, қасбеті қалыпқа келтірілген. Жылу және электрлік тоқ желісі толық жаңартылған.
Ал, оқу кабинеттерінің есіктері айырбасталған. Қабырғалары тегістеліп, едені қайта құйылды.
Ғимараттың іргетасына да нығайту жұмыстары жүргізілген.
Ішкі әрлеу жұмыстары толық істелген. Еденге линолеум төселіп, жаңа жиһаздар алыныпты. Бүгінде ғимарат толық пайдалануға берілген. Қазір мұнда 35 оқушы білім алуда.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz