ОсакаровАймақБас тақырып

Қарағанды аграрилері ауылдарды дамытуға 700 миллион теңгеден астам қаржы бөледі

Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері туған жерлерін дамытуға белсенді үлес қосып келеді. Бұл туралы облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Суреттер облыс әкімдігінен

Өңір басшысының айтуынша, аграрилер өз кәсіптерін дамытумен қатар, тұрғындар өмір сүріп, еңбек ететін ауылдардың әлеуметтік және инфрақұрылымдық жағдайын жақсартуға да қаржы бөліп отыр.

Мәселен, Осакаров ауданында жеті ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші өз ауылдарын дамыту үшін 700 миллион теңгеден астам қаржы жұмсауға міндеттеме алған. Олардың қатарында “Найдоровское” ЖШС, “Ясная Поляна” ЖШС және “Жатва” ЖШС бар.

Бөлінетін қаражат жолдарды жөндеуге, елді мекендерді абаттандыруға, әлеуметтік нысандарды қолдауға және жаңа спорт алаңдарын салуға бағытталады.

Облыс әкімі ерекше атап өткен жобалардың бірі – “Шанс” ШҚ басшысы Игорь Жабяк қолға алған бастама. Ол Абай ауданындағы Көксу ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуды жоспарлап отыр. Бұл нысан ауыл тұрғындарының, әсіресе жастардың спортпен шұғылдануына және салауатты өмір салтын қалыптастыруына мүмкіндік береді.

«Өз еңбегімен және нақты істерімен туған ауылдарының дамуына үлес қосып жүрген барлық шаруаларға алғыс айтамын», – деп жазды Ермағанбет Бөлекпаев.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button