Бас тақырыпРесми

Мал шаруашылығын дамытуға арналған жаңа жоспар қабылданды

Үкімет 2026–2030 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамыту жөніндегі кешенді жоспарды мақұлдады. Құжат Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленіп, саланың өндірістік және экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Жоспарға сәйкес, 2030 жылға қарай ірі қара мал басын 12 миллионға, ұсақ мал санын 28 миллионға дейін жеткізу көзделген. Сондай-ақ ет өндірісін 1,8 миллион тоннаға дейін ұлғайтып, дайын ет өнімдерінің экспортын екі есеге арттыру жоспарланып отыр.

Саланы қолдау үшін жылдық мөлшерлемесі 6 пайыздан аспайтын жеңілдетілген несиелер енгізіледі. Бұдан бөлек, жайылымдарды суландыру мен инфрақұрылымды дамытуға арналған «Жайлау» бағдарламасы іске қосылады. Мал шаруашылығы кәсіпорындарының айналым қаражаты мен техника сатып алуына 275 млрд теңге бөлінеді.

Кешенді жоспар аясында ветеринариялық нысандар жаңғыртылып, цифрлық есеп жүйелері енгізіледі. Сондай-ақ ауылдағы мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету және 55 жасқа толған шопандар мен малшыларға арнайы әлеуметтік төлемдер қарастырылған.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button