Жаңалықтар

Жаңаөзендегі жарылыс: зардап шеккендерге жаңа пәтер береді

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Жаңаөзендегі жарылыста баспанасынан айырылғандарға жаңа пәтерлер береді, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Жаңаөзен қаласындағы ТЖ салдарынан қаза тапқандардың отбасына, туыстары мен жақындарына көңіл айтады және зардап шеккендердің барлығының тезірек сауығып кетуін тілейді. Баспанасыз қалған отбасылар жаңа пәтер алады, зардап шеккендерге орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, барлық қажетті көмек көрсетіледі», – деп хабарлады «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңғы 5-те Жаңаөзенде тұрғын үйде жарылыс болып, 11 адам зардап шекті. Жарылыс салдарынан 4 адам қаза тапты. 

Жаңаөзен қаласындағы 2-ші шағынауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде газ жарылған. Оқиғаның салдарынан кіреберістің 150 шаршы метрі қираған.

Өрт болған жоқ, (үйдің жалпы ауданы 600 ш.м.). Оқиға орнын аршу жұмыстарына Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 50-ден астам құтқарушы, 10 техника, жедел медициналық көмек және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмылдырылды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button