Жаңалықтар

Жаңа Қазақстанды құрудың маңызды қадамы

Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Конституцияға толықтырулар мен өзгертулер енгізу бойынша референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл орайда халық талқысына ұсынылатын мәселелерге үн қосу әрбір азаматтың парызы. Кеше Қарағанды облысында референдумды қолдау бойынша аумақтық штабының баспасөз мәслихатында алдағы референдумның маңызы туралы сөз қозғалды.

 

Брифингте штаб мүшелерінің тізімі таныстырылды. Сондай-ақ, референдумды қолдау бойынша үндеу қабылдады.

«Кәсіподақтар ұйымы ірі бірлестік ретінде  еңбек адамының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғай отырып, қоғамдағы әлеуметтік әділеттіліктің дамуына өз үлесін қосады. Бүгін ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамды жаңғырту бағыты барлығымыз үшін еліміздің саяси жүйесінде болып жатқан тарихи өзгерістерге қатысуға бірегей мүмкіндік жасайды» делінген үндеуде. Референдумды өткізу идеясын кенді өлкенің кәсіподақ ұйымы да қолдап, алдағы уақытта жүйелі жұмыс жасайтындықтарын жеткізді.

Біз сындарлы шешім қабылдауымыз қажет, себебі болашақтың қалай болуы – бүгінгі біздің ұмтылысымызға, оңды жетістіктерге қол жеткізуімізге байланысты. Заңнамалық өзгерістерге жалпыхалықтық дауыс берубұл әрбір қазақстандықтың саяси бағытты қалыптастыруға қатысу құқығын және өз елінің болашақ тағдыры үшін жауапты шешімді айқындайтын тарихи әділеттілік актісі. Бұл жаңа Қазақстанды құру жолындағы маңызды қадам,деді Қарағанды облысы кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Болат Жұмабеков.

Конференция соңында қатысушылар кәсіподақ мүшелері аталмыш өзгерістер жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ұйымшылдықпен әрекет ететіндіктерін жеткізді.

Басқа материалдар

Back to top button