Кеше кешкілік Теміртаудың қалалық мәдениет және демалыс саябағында Астана күні салтанатпен аталып өтті.

Алғаш Астана күні қабылданып, бекітілген 1998 жылдың 6 шілдесінен бері теміртаулықтар да бұл сәтті жыл сайын асыға күтеді. Өйткені олар егемен еліміздің бас қаласы Астанамыздың күннен күнге көркейіп, әлем алдында айбыны асып, беделі биіктеп келе жатқанын жақсы біледі және мақтан тұтады.

Бұл күнгі салтанатқа Қарағанды қаласынан арнайы келген Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің “Арай” және “Әуен” ансамбльдері үлкен концерттік бағдарлама ұсынған екен. Саябаққа жиналған қала жұртшылығы олардың ән-күйлері мен билерін төрт сағат бойы тапжылмай тыңдап, көңілдері бір көтерілді.
Ержан ИМАШ
ТЕМІРТАУ



