ЖаңалықтарБас тақырып

Елімізде тәтті өнімдерді QR-код арқылы тексеру мүмкіндігі пайда болмақ

Қазақстанда кондитерлік өнімдерді цифрлық таңбалау бойынша пилоттық жоба іске қосылды.

Сурет magnific

Алдағы бір жыл ішінде шоколад, кәмпит, печенье және мармелад қаптамаларына арнайы Data Matrix коды жапсырылады. Бұл жүйе заңсыз импортпен күресіп, өнім сапасы мен қауіпсіздігін бақылауға көмектеседі.

Жобаға Рахат, Баян Сұлу, сондай-ақ Mars⁠, Ferrero⁠ және Nestlé⁠ секілді ірі компаниялар қатысып жатыр.

Егер пилоттық жоба сәтті аяқталса, болашақта сатып алушылар QR-код арқылы өнімнің құрамы, өндірушісі, шыққан елі және жарамдылық мерзімі туралы ақпаратты оңай тексере алады.

Сондай-ақ бұл таңбалау жүйесі кейін барлық өндірушілер мен импорттаушылар үшін міндетті талапқа айналуы мүмкін.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button