АймақҚарқаралы

Жүз жасаған қариялар да дауыс берді

Қарқаралы ауданындағы барлығы 51 референдум учаскесінде дауыс беру күнтізбелік жоспарға сәйкес өтті. Учаскелердегі референдум комиссияларының мүшелері қолданыстағы заң талаптарына сәйкес жұмыс атқарды.

Суреттер Қарқаралы АСК парақшасынан.

Өз таңдауын жасауға келгендерге қажетті жағдай жасалған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен денсаулығына байланысты өтініш жазған жандар үшін арнайы қарастырылған дауыс беру жәшіктері олардың үйіне жеткізіліп, референдумнан ешкімнің тыс қалмауына барлық мүмкіндіктер жасалды.  

Ақтерек ауылындағы № 797 референдум учаскесі бойынша 103 жастағы қарт анамыз Шәмшибану Акпарова өз шаңырағында отырып дауыс беріп, референдумға қатысты.

Ал, Егіндібұлақта тоқсаннан асқан Роза әжеміз азаматтық ұстанымның үлгісін көрсетіп, осы ауылдағы №571 референдум учаскесіне өзі келіп, таңдауын жасады.

АЭС құрылысы сынды еліміздің ертеңіне зор ықпалы бар маңызды мәселе бойынша референдумға аудан халқының басым бөлігі қатысып, өз таңдауын жасады.

Болатбек ӘШІМҰЛЫ,
Қарқаралы ауданы.
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button