Бас тақырыпОблыс әкімі

Жәйремде жаңа байыту фабрикасы салынуда

2020 жылы Жәйремде қорғасын және мырыш концентраттарын ала отырып, полиметалл кенін өңдейтін жаңа байыту фабрикасы салынады.  Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек кентке жұмыс сапары барысында  құрылыс жұмыстарымен танысты.

– Инвестициялық жобаның құны – 145 млрд.теңге. Фабрика Индустрия 4.0  элементтерін қолдана отырып, ең заманауи стандарттар бойынша салынады. Өңір үшін бұл 1000 жаңа жұмыс орнын және даму үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, – деді облыс әкімі.

Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 5,0 млн.тоннаға дейін полиметалл кендерін қайта өңдеуді, 72 мың тоннаға дейін қорғасын концентратын және 308 мың тонна мырыш концентратын шығаруды жоспарлауда.
Кен орнындағы жұмыстардан басқа, кәсіпорын әлеуметтік міндеттемелерді де өз мойнына алады. Мәселен, соңғы төрт жылда Жәйрем кентінің әлеуметтік саласын дамытуға компания 1 млрд 800 млн теңге бөлді. Жергілікті аурухананың күрделі жөндеуіне, мешіт құрылысына және әлеуметтік дүкеннің ашылуына қаржы жұмсалады. Сонымен қатар, өз қызметкерлері үшін бес қабатты екі үйді қалпына келтіру жоспарланған.

«Шұбаркөл Көмір» АҚ-да Жеңіс Қасымбекке компания өз қызметкерлерінің әлеуметтік мәселелерін қалай шешетіні туралы баяндап берді. Аймақ басшысы «Центральный» көмір разрезін, коксохимиялық цехын және «Центр» вахталық кентінің 120 орындық жаңа жатақханасын аралап көрді. Тағы да осындай 3 нысанның құрылысы жоспарлануда.
«Шұбаркөл көмір» жұмысшылардың бос уақытын тиімді өткізу үшін футбол алаңы мен воркаутқа арналған алаң салынып, күрес кілемдері сатып алынған. Бұл туралы қызметкерлер кәсіпорын басшылығын өздері сұраған.
Облыс әкімі сондай-ақ кәсіпорынның жоспарлары туралы хабардар етті. Қазір қуаттылығы жылына 1000 тонна болатын өнеркәсіп үшін белсендірілген көмір өндіру жобасы іске асырылу сатысында. «Шұбаркөл көмір» өкілдерінің айтуынша, бүгінгі таңда елімізде ондай көмір өндірмейді, негізінен Ресей мен Қытайдан әкелінеді.
Сонымен қатар, 175 жұмыс орнын құрумен арнайы кокс өндіретін зауыт салу жоспарланған.

Басқа материалдар

Back to top button