Бас тақырыпЖаңалықтар

Жүйелі жұмыс жетістікке бастайды

Былтыр Қарағанды облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында ауқымды жұмыс атқарылды. Облыстағы сумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы 7 472,7 шақырымды құрайды. Оның ішінде, қалаларда – 73,3% (5476,3 шақырым) және ауылдық жерлерде – 26,7% (1996,8 шақырым). Су бұру желілері – 2 545,5 шақырым (қалаларда – 2279,3 шақырым (89,5%), ауылдық жерлерде – 266,2 шақырым (11.5%).


Қалаларда орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету 97%- ды, ауылдарда 88%-ды құрады. Сумен жабдықтау желілерінің тозуы – 67%, су бұру бойынша – 78%.
Ағымдағы жылы 2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру барысында 30 жоба – 11,1 млрд. теңгеге жұмыс жалғасуда.
Жыл қорытындысы бойынша су және кәріз желілерінің 300 шақырымнан астам (қалаларда 128,3 шақырым және ауылдарда 174,8 шақырым) салу және қайта құру жоспарланған. 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 303,1 шақырым су және кәріз желілері қайта құрылды.
Былтыр 4,7 шақырым жылу магистралі жаңартылды. 2019 жылдың қорытындысы бойынша жаңартылған жылумен жабдықтау желілерінің үлесі 0,16% құрады (жоспардың 100%).
1) «М3 магистральді жылу желісін 5-ші павильонға дейін қайта құру», Қарағанды қ., Чапаев көшесі, 4-павильоннан 5-павильонға дейінгі учаске», құны – 1527301 мың теңге, жалпы ұзындығы – 1,87 шақырым. 0,899 шақырым 2018 жылы қайта құрылды. 2019 жылы 1,081 шақырым қайта жаңғыртылды.
2) «Қарағанды қаласының UU-2-ден ТК-55 SE дейін магистральдық жылу желісін қайта құру.
Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы», құны – 714619 мың теңге, жалпы ұзындығы – 2,169 шақырым. 1,193 шақырым – 2018 жылы, 0,976 шақырым – 2019 жылы қайта жаңартылды.
3) «Жезқазғандағы жылу желілерін қайта құру және жаңғырту. I кезең», құны – 1107186 мың теңге, жалпы ұзындығы – 5,8 шақырым. 2,5 шақырым 2019 жылы қайта жаңғыртылды.
4) «Қарағанды қаласының №5 сорғы станциясымен М10 жылу магистралін қайта құру», құны – 621220 мың теңге, жалпы ұзындығы – 2,164 шақырым, 0,155 шақырымын 2019 жылы қайта құру жоспарланған.

Сонымен қатар, 2019 жылы «Қарағанды қаласы тұрғын алабын жылумен жабдықтау магистральдік желілерін салу (ЖЭО-3-ден жылу трассасы, ұзындығы 22 шақырым)» жобасын іске асыру үшін 350 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінді. Оның ішінде, жылумен жабдықтау жүйесін дамытуға республикалық бюджеттен 300 млн. теңге мақсатты трансферттер және облыстық бюджеттен 50 млн. теңге (бірлесіп қаржыландыру). Электр желілерінде 2019 жылы энергия жабдықтарын қайта құру және модернизациялау бойынша инвестициялық бағдарлама арқылы энергия беруші ұйымдар жөндеу компаниясына 2019 жылы 9 млрд. 809,5 млн. бөлінді. 2019 жылдың қорытындысы бойынша жаңартылған электрмен жабдықтау желілерінің үлесі 0,35% құрады.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту саласындағы қол жеткізген көрсеткіштер ретінде 2015 жылдан бастап инженерлік желілердің тозу деңгейінің төмендеуі байқалады: жылу желілері үшін 61,5% -дан
59,4% -ға дейін;
электр желілері үшін 61,9% -дан
58,6% -ға дейін.
Жыл сайынғы инженерлік желілердің тозу деңгейінің төмендеуі, қайта құру және модернизациялау жобаларын қаржыландыру көлеміне байланысты шамамен 1-2% аралығында болады.
Жыл қорытындысы бойынша 5,3 шақырым жылу желілерін қайта құру, сонымен қатар, Шахан кентінде орталық қазандық құрылысын жалғастыру жоспарлануда.

1) «Жезқазған қаласының жылу желілерін қайта құру және жаңғырту. I кезең», құны – 1107186 мың теңге, жалпы ұзындығы – 5,8 шақырым. 2,5 шақырым 2019 жылы қайта жаңғыртылды. Жобаны іске асыруды жалғастыру үшін 2020 жылы 1621,220 мың теңге бөлінді.
2) «Қарағанды қаласының №5 сорғы станциясымен М10 жылу магистралін қайта құру», құны – 1621220 мың теңге, жалпы ұзындығы – 2,164 шақырым. 0,155 шақырым 2019 жылы
қайта жаңғыртылды. Жобаны іске асыруды жалғастыру үшін 2020 жылы 2000000 мың теңге бөлінді.
3) Жезқазған қаласының жылу желілерін қайта құру және жаңғырту. 2-кезең. Құны – 400000 мың теңге, жалпы ұзындығы – 11,4 шақырым. 2019 жылы қажетті материалдар мен
жабдықтарды сатып алу жүргізілді. Жобаны іске асыруды жалғастыру үшін 2020 жылы 591 653 мың теңге бөлінді.
4) Шахан ауылының қазандығы мен жылу желілерінің құрылысы 330 000 мың теңге, 2019 жылы қазандықтың негізін орнату жұмыстары жүргізілді. Жобаны іске асыруды жалғастыру үшін 2020 жылы 800 000 мың теңге бөлінді.
Жобаларды іске асыру Қарағанды және Жезқазған қалаларының 148,3 мың тұрғындарын жылумен қамтамасыз ету сапасын жақсартады. 2020 жылы жылумен жабдықтау
саласындағы 4 өтпелі жобаны іске асыру үшін мемлекеттік бағдарламалар аясында республикалық бюджеттен 5 млрд. теңге көлемінде қаражат бөлінді.
2021 жылға қарай тозу деңгейін жылу үшін 59%-ға және электр желілері үшін 58,3%-ға дейін төмендету жоспарлануда.
Бүгінгі күні Қарағанды, Теміртау және Жезқазған қалаларында газ тарату желілерінің құрылысы жүргізілуде (жұмыстар 60 пайызға орындалды, жобаның жалпы құны – 91 млрд.
теңге, 2019 жылға – 2,4 млрд. теңге бөлінді).
Жезқазған қаласы бойынша Талап кентінде газ тарату желілерін төсеу жұмыстары толық көлемде аяқталды. 148 үйге желілер жүргізілді. АГТС-те4 15 шм-ден 11 шм, 68 пайыз магистралды газ құбыры құрастырылды. Пристанционный кенті бойынша 8129 м-ден 6000м(73,8 пайыз) пластик құбыры монтажы орындалды.
Қарағанды қаласы бойыша 100 үй салынып, пайдалануға беріледі. 23391-дің 18000-і желі ішінде (76,9 пайыз).
АГТС-тен 14 шм. магистральдық газ құбырының 7 шм. 50 пайыз орнатылды. Теміртау қаласы бойынша 43 адам және 9 техника жұмылдырылған (5 тиегіш, 2 құбыр қабаты, 1 манипулятор, 1 жүк көлігі). 116 үйге желілер тартылды. 23 055-тің (54,9%) 12,660 м кварталішілік желілері тартылды. АГРС-тен 11,2 шақырым-ден 10,2 шақырым магистральдық газ құбыры (90%) орнатылды.
Жұмыс кестеге сәйкес жүргізілуде, артта қалулар жоқ. Жалпы құрылыс жұмыстары 2020 жылдың мамыр айында аяқталады деп жоспарлануда.

Бұл үшін бөлінген 2,4 млрд. теңге қайта бөлінді. (Қарағанды – 298 млн. теңге, Теміртау – 400 млн. теңге, Жезқазған – 1,7 млрд. теңге).
2020 жылы құрылысты жалғастыруға 8,3 млрд. теңге (Қарағанды – 3,5 млрд. теңге, Теміртау – 2,6 млрд. теңге және Жезқазған – 2,2 млрд. теңге) қаражат қарастырылған.
Сонымен қатар, Жаңаарқа ауданының Атасу кентінде, Осакаров ауданының Осакаровка кентінде, Шет ауданының С.Сейфуллин және Ақсу-Аюлы кенттерінде, Бұқар жырау
ауданының Ақтау және Мұстафин кенттерінде, Шахтинск қаласында газ тарату желілерінің құрылысына арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

Бұл 37269 адамды орталықтандырылған газбен қамтамасыз етеді (Атасу – 17772 адам, Осакаровка – 8264
адам, Сейфуллин – 186 адам, АқсуАюлы – 4635 адам, Ақтау – 892 адам,
Мұстафин – 4120 адам, Шахтинск – 1200 адам).
Осы мақсатта облыстық бюджеттен 307 млн. теңге қаражат қарастырылған. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу осы жылдың мамыр айында аяқталады деп жоспарлануда.
Оң сараптамалық қорытынды алғаннан кейін Энергетика министрлігіне газ тарату желілерін салуды қаржыландыруға бюджеттік өтінім жіберіледі. Болашақта жоғарыда аталған аудандардың әкімшілік орталықтарында газ тарату желілерінің құрылысы жақын орналасқан ауылдар мен қалалардың 800 мыңнан астам тұрғындарын газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл жұмыс тұрақты бақылауда. Қарағанды облысының тұрғын үй қоры 2019 жылғы жағдай бойынша 107615 тұрғын үйді құрады (ауданы 27,4 млн. текше метр). Оның ішінде, 8247 көпқабатты тұрғын үйлер (ауданы 15,8 мың текше метр). Үйлердің 6401-і қанағаттанарлық жағдайда (12,7 млн. м2, 80,4%), 1846 үй жөндеуді қажет етеді (3,1 млн. м2
, 19,6%).
Көппәтерлі үйлерді басқарудың әртүрлі нысандары қамтылады. Оның ішінде, 254 – ПИК, 95 – ЖШС, (соның ішінде ЖК және сервистік басқарушы компания), 1885 – ТББ (тікелей бірлескен басқару).
Тұрғын үй қорында ескі, бос, апатты үйлерге жататын 967 үй бар. Ескісі – 611, босы – 318. Облыста апатты деп танылған техникалық тану туралы қорытындысымен 38 үй бар.
Әділет органдарында 4012 кондоминиум объектілері тіркелді. Бұл тұрғын үйдің жалпы санының 49% құрайды.
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бойынша көппәтерлі үйлерді жөндеуде тұрғын үй қорын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде (жылу модернизациясы). 2011-2019 жылдары 4139,4 млн. теңге сомаға 278 көппәтерлі тұрғын үй жөнделді. Оның ішінде, қайтарылатын қаражатқа 109 үй жөнделді.
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасын іске асыру барысында 2011 жылдың шілдесінен 2019 жылдың
желтоқсанына дейін облыста 102 жолаушылар лифті ауыстырылды. Оның ішінде, Қарағанды (68 лифт), Балқаш (13 лифт ), Приозерск (9 лифт), Жезқазған (1 лифт) және Теміртау (11
лифт) қалалары бар.
2019 жылғы 18 қарашада Қарағанды облысының әкімдігі мен «Қазақстандық ТКШ жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ жұмыс істемейтін лифтілерді ауыстыру бойынша пилоттық жобаны іске қосу туралы меморандумға қол қойылды. Бүгінгі таңда Қарағанды қаласында 6 лифт орнатылды. Сонымен қатар, 5 лифт орнатылуда. Оның ішінде, Қарағанды
қаласындағы 3 үйде және Теміртау қаласындағы 2 үйде. 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тұрғын үй алу кезегінде 36
мыңнан астам адам тұр (36 956 адам). 2019 жылғы 1 қаңтардағы кезеңмен салыстырғанда (36 659 адам) кезекте тұрған адамдар саны 297 адамға немесе 0,8%-ға өсті.

Ұлантай ҮСЕНОВ,
Қарағанды облысының
энергетика және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық
басқармасының басшысы.

Басқа материалдар

Back to top button