Зардап шеккен 18 адам ауруханаға жеткізілді
Қазіргі уақытта ауруханаға зардап шеккен 18 адам жеткізілді. Барлығына білікті медициналық көмек көрсетіледі. Барлық қажетті мамандарды тарта отырып, консилиум өткізілді.

Көміртегі тотығымен уланған 15 адам Профессор Х.Ж.Мақажанов атындағы КБ-де (“Оңтүстік-Шығыс” шағын ауданы) жатыр. Бір науқас ауыр көміртегі тотығымен уланған, қалғандарының жағдайы жеңіл және орташа күйде. Зардап шеккендердің барлығы токсикология бөліміне жатқызылды.
Екі адам профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы КБ-ге (“Михайловка” шағын ауданы) жатқызылды. Біреуі ауыр жағдайда реанимацияда, екіншісі травматология бөлімінде (операциядан кейін).
Стационарға барлығы 17 адам жатқызылды, 1 адам амбулаториялық емделуге үйіне жіберілді.
Ербол ЕРБОЛАТ,
ortalyq.kz