Заман болмысының болашағы

   Өскелен ұрпақты рухани-адамгершілік рухына тәрбиелеу үшін қосымша қадамдар жасау керектігін ҚР Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деген халыққа Жолдауында маңызды құбылыс екендігін нақтылап атап міндеттеді.

Осы жоспардың құрамдас бөлігі саналатын рухани жаңғырудың да жан-жақты мәселелері мен жаңа үлгілері тарихи тамырларды ескеріп қолға алынуда.

Бес институционалдық реформаға бағытталған «100 нақты қадам» кәсіби мемлекеттік аппарат құру, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру және экономикалық өсім, біртектілік пен бірлік, есеп беретін мемлекетті қалыптастыруды мұрсат тұтады. Мақсатқа жету үшін «біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс» екендігі ел Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты еңбегінде «саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады» деп бағаланған.

Болашақ ұлттың табысты болуына күмән келтірмейтін заманауи компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторларды алға қойып мінез-құлық прагматизмі негізгі ұран ретінде ұсынылып отыр. Осы бағытта ұлттық рухтың мәңгі сақталуын көздеген отансүйгіштік қасиеттер мен сезімді бекіте түсуді көрсетіп, Елбасы мынадай қағиданы ұсынады: «Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек». Осы пікірлердің барысында әсіресе популистік идеологиядан аулақ болу ерекше ескертілді. Қазақстандағы дамудың түрлі салалы қырларын талдай отырып эволюциялық даму қағидасы әрбір қазақстандықтың жеке басының дербес бағдарына айналуға тиіс екендігі көрсетілген. Мәселеге орай, «әлемдегі оқиғаларды ой елегінен өткізіп, қорытынды жасау – қоғамның да, саяси партиялар мен қозғалыстардың да білім беру жүйесінің де, ауқымды дүниетанымдық, рухани жұмысының бір бөлігі» деп айшықталған. Сонымен қатар, сыртқы ықпалдарға байыпты, түсінікпен қарауды түйіндеген.

Сананы жаңғыртудың кешенді міндеттері санатында қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар жағдайы, «2025 жылдан бастап латын әліпбиіне» көшу, «Туған жер» бағдарламасы тұрғысына нақтылы бағыттар жалпыұлттық, қазақстандық нағыз патриотизм үлгілеріне қол жеткізуге саяды. Ұлттық құндылықтарымызды, ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін әлемге таныстыруды жүзеге асыру көзделген.

Рухани жаңғыру мемлекеттік міндет ретінде жас ұрпақтың осы көрсетілген ұсынысымыздың маңызын терең ұғынуы басты мәселе. Сондықтан, оқу орындарындағы профессор-оқытушылар ұжымдары өз тәжірибелеріне сәйкес жұмыс жүргізулері керек. Осыған орай, Қазақстан тұтынушылары одағы Қарағанды экономикалық университетінде тиісті іс-шаралар жүргізілген. Мұнда білікті ғалымдар, тәжірибелі мамандарды жұмылдыру арқылы «Мәңгілік Ел» идеясының ауқымына енетін «Қазақстан – 2050» Стратегиялық жоспарын, Елбасының Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауларын, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын насихаттау, түсініктеме жүргізу ұйымдастырылған.

Қоғамның рухани жаңғыру бағдарламасы оқу жоспарларында, студенттермен жүргізілетін көпшілік шараларында кеңінен орын алуда. Ғылыми және ғылыми-зерттеу жұмыстары салаларының іс-шаралары, ақпараттық-насихат және тәрбиелік жұмыстармен үйлесуде.

Қоғам мен мемлекет болашағына бағдар көрсететін ресми құжаттар арқылы жастарды түбегейлі жаңғыру мен жаңа идеялар рухына бағыттау міндетін – дамуымыздың ең басты қағидасы деп қабылдаймыз.

С.АДАМБЕКОВА,

ҚР ҚТО Қарағанды экономикалық университетінің доценті.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.