БалқашАймақБас тақырып

Balkhash Tour Fest-2026: жаздың басты фестиваліне кімдер келеді?

19–20 маусым күндері Балқаш қаласындағы Ақшағыл (Рембаза) ауданында дәстүрлі Balkhash Tour Fest фестивалі өтеді. Қарағанды облысындағы ең ауқымды жазғы шаралардың бірі саналатын фестиваль көл жағасында биыл төртінші рет ұйымдастырылмақ.

Сурет Балқаш қаласы әкімдігінен

Биылғы фестиваль сахнасында Miras Zhugunussov, AYAU, Bellucci, Domino, Nurlan & Murat және Qazaq Band өнер көрсетеді.

Дәстүр бойынша екі күнге созылатын шара аясында қонақтарға тек концерттік бағдарлама ғана емес, түрлі тақырыптық алаңдар да ұсынылады. Атап айтқанда, спорттық және шығармашылық аймақтар, фудкорт, балалар алаңы, сондай-ақ қолөнершілер жәрмеңкесі жұмыс істейді. Мұнда келушілер қолдан жасалған бұйымдарды тамашалап, сатып ала алады.

Өткен жылы Balkhash Tour Fest фестиваліне шамамен 50 мың адам жиналған еді. Фестивальдің ең есте қалған оқиғаларының бірі — балқаштық аспаздардың салмағы 53 келілік қазыбургер дайындап, рекорд орнатуы болды. Ерекше тағамның басты ингредиенті ұлттық қазы еді. Сонымен қатар көрермендерге автокросс, отты шоу және жарық-музыкалық қойылымдар ерекше әсер қалдырған.

Әзірге ұйымдастырушылар фестивальдің толық бағдарламасын жариялаған жоқ. Дегенмен биыл да қонақтарға арналған ерекше тосынсыйлар әзірленіп жатқаны белгілі болды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button