ЖаңалықтарБас тақырып

Құрбан айт – бірлік пен мейірім мерекесі

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Құрметті облыс тұрғындары!

Сіздерді Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл қасиетті мереке ғасыр­лар бойы рухани тазалық пен мейірімділікті, өзара көмек пен бірлікті насихаттап келеді. Осы берекелі күндерде адамдар игі істерді жасау­ға, аға буын мен мұқтаж адам­дарға қамқорлық көрсету­ге көңіл бөліп, қоғамдағы келі­сімді нығайтуға ұмтылады.

Құрбан айт әртүрлі ұлттар мен діндердің өкілдерін біріктіріп, барлығын құрметке, жанашырлыққа және өз­ара түсіністікке шақырады. Мереке әр үйге бейбітшілік, өркендеу мен бақыт әкеліп, жүректерімізге жылылық пен үміт сыйласын.

Баршаңызға зор денсау­лық, амандық, отбасылары­ңызға бақ-береке табыс ті­лейміз. Еліміз көркейіп, дами берсін. Шалған құрбандықтарыңыз бен игі амалдарыңыз қабыл болсын!

Құрбан айт мерекесі қайырлы болғай!

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі
Нұркен КОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы

Басқа материалдар

Back to top button