Заң орындалысы – назарда

    Заң орындалысы – ұдайы назарда. Жақында Жаңаарқа ауданы прокуратурасы тарапынан «Жаңаарқа ауданының әкімдігі аппараты» ММ-де тұрғын үй заңнамаларының орындалу заңдылығына тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде, І топтағы мүгедек Александра Александровна Албатырованың мүддесі қорғалды.

Нақты айтқанда, Жаңаарқа ауданы, Атасу кентінің тұрғыны, 1928 жылы туған азаматша А.Албатыроваға 15 желтоқсан 2012 жылы мемлекет тарапынан 1 бөлмелі коммуналдық пәтер жалға берілген. Қарияның жасы келгеніне байланысты денсаулығы нашарлап, көзі көрмей, жалпы сырқаты себебімен, мерзімсіз І топтағы мүгедек статусы берілген.

ҚР Үкіметінің 02.07.2013 жылғы №673 «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 7-тармағына сәйкес, І және ІІ топтағы мүгедектер мемлекеттік тұрғын үй қорынан өздері тұратын тұрғын үйлерді меншігіне өтеусіз жекешелендіре алады. А.Албатырова аудандық тұрғын үй комиссиясына пәтерді жекешелендіру туралы 2015 жылы өтініш білдірген. Аталған өтінішке сәйкес, тұрғын үй комиссиясы отырысы өткізіліп, қалдық құнын өтеу арқылы жекешелендіру туралы шешім қабылдаған.

Соған байланысты, аудан прокуратурасымен 23.01.2017 жылы аудандық тұрғын үй комиссиясының төрағасы атына аталған шешімді бұзу туралы наразылық енгізілді.

Наразылықтың қаралу нәтижесімен, 03.02.2017 жылы тұрғын үй комиссия отырысы өткізіліп, А.Албатыроваға қатысты қалдық құнын өтеу арқылы жекешелендіру туралы тұрғын үй комиссиясының шешімі бұзылып, қалдық құнын өтеусіз жекешелендіру туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар, аудан прокуратурасымен заңбұзушылыққа жол берген тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін аудан әкімінің атына прокурорлық пайымдау актісі енгізіліп, Жаңаарқа ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ж.Бөгенбаевқа ескерту берілді.

А.ӘДІЛХАНОВ,

Жаңаарқа ауданының

прокуроры, әділет кеңесшісі.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.