Бас тақырып

Қысқы каникулда мектеп оқушылары қанша күн демалады?

Қазақстандық мектеп оқушылары қысқы каникулда 10 күн демалады. Екінші тоқсан бейсенбі, яғни 28 желтоқсанда аяқталады. Қысқы демалыс 2023 жылғы 29 желтоқсан, жұмада басталады, деп хабарлайды Ortalyq.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет: 2023god.com сайтынан

Қысқы каникул кезінде оқушылар 2023 жылдың 29 желтоқсаны мен 2024 жылдың 7 қаңтарын қоса алғанда10 күн демалады.

Сонымен қатар, бірінші сынып оқушылары үшін қосымша демалыстар 2024 жылдың ақпанында болады. Жыл сайын берілетін мұндай демалыс күндері биыл 7 күнге созылады. 2024 жылдың 5 ақпанынан 11 ақпанына дейін (қоса алғанда).

Ал, көктемгі демалыс (11 күн) 21 наурызда басталып, 2024 жылдың 31 наурызына дейін (қоса алғанда) жалғасады.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button