Басты тақырыпОблыс әкімі

Ғылым жолындағы жарты ғасыр

Облыстағы жарты ғасырға жуық тарихы бар білім мен ғылымның ордасы Қарағанды экономикалық университетіне – 50 жыл. Атаулы күнге орай ұйымдастырылған салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ университет ұжымын мерейтоймен құттықтады.

Бүгін облыстағы іргелі білім ордасы Қарағанды экономикалық университеті 50 жылдығын атап өтуде. Әрине, жарты ғасыр аз уақыт емес. Біздің халқымыз «елу жылда ел жаңа» дейді. Осы аралықта мыңдаған мамандар түлеп ұшып, өңірдегі экономикасы саласын дамытуға өлшеусіз үлес қосты. Ағымдағы жыл мерейтойлық даталарға толы басталды. Жақында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Қарағанды облысындағы білімнің дамуына 80 жыл толғанын атап өтеміз. Осы ретте Қарағанды экономикалық университетінің 50 жылдығы Қазақстан тарихымен тығыз байланысты қалыптасып, дамуда. Тек, Қарағанды облысының ғана емес, бүкіл республиканың тарихымен тығыз байланысты университет басшылығына, профессорлық-оқытушылық құрамға, бүкіл ұжымға зор алғыс айта отырып, бүгінгі мерекемен құттықтаймын, – деді аймақ басшысы.

«Сондай-ақ, биыл Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық универ­ситеті республикадағы жетекші маман­дандырылған он жоғары экономикалық оқу орындарының қатарына енді. Алыс және жақын шетелге танылды. Білуімше, болашақта экономикалық университет “электрондық университет” базасы негізінде инновациялық “smart-университет”салуды жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда әлемдегі Италия, Испания, Германия, Аустрия, Чехия, Польша, Болгария, Венгрия, Румыния елдерінің 100-ден астам университеттерімен сәтті ынтымақтастық келісіміне қол қойған. Университеттің стратегиялық серіктестік қалыптастырудағы сенімді желісін ескере отырып, корпоративтік серіктестермен ғылыми және шығармашылық зерттеулерде тұрақты ұстанымын сақтап қалатынына сенім мол»,– деп атап өтті Нұрмұхамбет Қанапияұлы.

Салтанатты шара барысында университет ұжымының бірқатар қызмет­керлері облыс әкімінің мақтау грамоталарымен марапатталды. Жиынға қатысқан Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің кеңесшісі Талғат Мұсабаев, ҚР Парламенті Сенатының экс-депутаты Ерлан Нығматулин, ҚР Білім және ғылым экс-министрі Бақытжан Жұмағұлов, ҚР БЖҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры Дархан Ахмед-Заки және шақырылған құрметті қонақтар университет ұжымын айтулы мерейтойымен құттықтап, құрметті қонақтар қатарынан орын алды. Жиынға қатысушылар білім ордасының жетістіктері жөнінде әңгіме өрбітті.

Атап өткен жөн, қазіргі уақытта Қарағанды экономикалық уни­верситеті инновациялық білім беру технологияларын игеру саласында жетекші жоғары оқу орны болып табылады. Қашықтықтан оқыту арқылы сапалы білім беру қызметтерін ұсыну мақсатында оқу орнына заманауи ақпараттық технологиялар енгізілген. Осы мақсатта жаһандық ақпараттық “электронды университет” жобасы кеңінен қолданылады.

Аяулым СОВЕТ

Суретті түсірген Д.КУЗМИЧЕВ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button