Жаңалықтар

Тың өзгерістер – кемел келешек негізі

     Билік тармақтарының мәселесіне байланысты Мемлекет басшысы Н.НАЗАРБАЕВ биылғы жылдың 25 қаңтарында қазақстандықтарға арнайы Үндеу арнаған еді. Үндеуде Конституция мен Заңдарға өзгерістер енгізу, билік тармақтарының өкілеттіктерін қайта бөлу туралы айтты. Тың өзгеріс – демократиялық жүйенің жарқын болашағының жемісі болмақ. Яғни, оның басты нәтижесі – ең негізгі билік тармақтарына жататын Үкімет пен Парламенттің тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік берері сөзсіз.

Биліктің жіктелу концепциясы конституциялық және басқарудың қазіргі жүйесінде үлкен рөл атқарады. Шындығында, өз алдында басқару теориясының бірі ретінде тиімді және тұрақты саяси жүйені құрудың негізі бола алмас еді. Сондықтан, ол басқа саяси ойлармен, мысалы, аралас басқару теориясымен, «тепе-теңдік және биліктік» ойлармен, «тежеу және қарсы салмақ» жүйесіменен байланыстырылады.

Сонымен, Қазақстан Республикасындағы үш биліктің бүгінгі жағдайы жақсы десе де болады. Әрбір тармақты жетілдіру қажет-ақ. Біздің көзқарасымыз бойынша, бірінші кезекте тұрған Парламенттің екі палаталық құрылымы дұрыс қойылған.

Мұндай екі палаталық құрылым парламенттік демократияда әуелден белгілі және әлемдегі көптеген мемлекеттерде жемісті пайдаланылады. Ол қандай мән береді? Ол үнемі жұмыс істеп тұрған маманданған парламенттік жағдайда тиімді. Заң жобаларын дайындау деңгейі мен сапасын мәнді жоғарылатуға болады. Заңдар қос палатаның өңдеулерінен өтеді. Әр палатаның тек қана заң жобасын мақұлдап немесе келіспеушілік көрсетуі емес, шын мәнінде заң қабылдауы маңызды. Бұл жағдайда Парламент және оның мүшелерінің жауапкершілігінің өсетіні түсінікті. Екі палаталық құрылым депутаттардың жұмысын дамытады, парламенттік еңбектің классификациясын және үдемелігінің жоғарылауына дем береді. Көптеген мемлекеттердегі әртүрлі территориядағы депутаттар делегациясының сандық теңдік мәселелерін шешуді жеңілдетеді. Сонымен, «парламенттік ойындар», топтық мүдделер, құқық жасаушылық лоббизмнің территориялық немесе салалық соғысы салдары қалпына келтіріледі. Орталық және регионалдық күштер теңестіріліп, Парламент жалпы мемлекеттік және жергілікті мүдделердін үйлесімді бірлігінің органы болып қалыптасады. Атқару билігі Парламентте қаралатын өз шешімдерін ұқыпты дайындайтындығы айқын. Бұл Президентке де әсерін тигізеді. Бір уақытта Парламенттің өзінің бақылау мүмкіндіктері кеңейді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 63-бабының 1-тармағына сәйкес, Президент Парламент Үкіметке сенімсіздік білдіргенде, Парламент Премьер-Министрді тағайындауға екі мәрте келісім бермегенде, Парламенттің Палаталары арасындағы немесе Парламент пен мемлекеттік өкіметтің басқа тармақтары арасындағы еңсерілмейтін келіспеушілік салдарынан, саяси дағдарыс болғанда Парламентті тарата алады. Сондай-ақ, керісінше Парламенттің Президентті қызметінен кетіру негіздері де көрсетілген. Президент науқасына байланысты өзінің міндетін орындауға тұрақты түрде қабілетсіз болған жағдайда қызметінен Парламенттен жедел түрде босатылады. Айып тағу және оны тексеру туралы шешім Мәжіліс депутаттарының жалпы санының кемінде үштен бірінің дауысымен қабылдануы керек. Тағылған айыпты тексеруді Сенат ұйымдастырады және оның нәтижелері Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен Парламент Палаталары бірлескен отырысының қарауына беріледі. Бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім айып тағудың негізділігін анықтау туралы Жоғарғы сот қорытындысы және белгіленген конституциялық рәсімдердің сақталғаны туралы Конституциялық Кеңестің қорытындысы болған жағдайда әр Палата депутаттары жалпы санының Парламент Палаталарының бірлескен отырысында қабылданады.

ҚР Конституциясының 53-бабының 2-тармағына сәйкес, Парламенттің Премьер-Министрдің бағдарламасын екі рет қабылдамай тастауы Үкіметке сенімсіздік көрсетілгенін білдіреді. Ол әр Палата депутаттарының жалпы санының үштен екісінің даусымен жүзеге асырыла алады.

Парламент Үкіметке сенімсіздік білдірген жағдайда Үкімет орнынан түсетіні туралы республиканың Президентіне мәлімдейді. Орнынан түсуді қабылдау немесе қабылдамау туралы шешімді Президент 10 күн мерзімде қабылдайды.

Сонымен, биліктің жіктелінуі шектелінген құзіреттіліктен, өзара бақылаудан, тежеу және қарсы салмақ жүйесінен көрінеді және болуы мүмкін зорлық-зомбылыққа қарсы тұруға бағытталған құқықтық мемлекеттін биліктің жіктелуінсіз болуы мүмкін емес. Себебі, бұл оның ұйымдастырылу және функциялау тәсілі. Басқа жағынан, құқықтық мемлекеттік биліктің тиімді жіктелуінің негізі және жағдайы.

Биліктің жіктелінуі – бұл, бір жағынан нәтиже, ал, екінші жағынан – құқықтың даму дәрежесінің маңызы, мемлекетті, заңдылықты ұйымдастыру және функциялаудың жағдайы және алғышарты.

Биліктің жіктелуінсіз және сәйкес тиімді тежеу және қарсы салмақ жүйесіз құқықты мемлекеттің және құқықтың заңдылықтың болуы мүмкін емес. Құқық және конституциялық қағидалармен байланыссыз қандай да бір шексіз биліктің тууына мемлекеттің органдарының арасындағы кедергі биліктің жіктелуінде, олардың ешқайсысына да бүкіл мемлекеттік биліктің толық көлемде берілмейтіндігінде тұр.

Рахметолла КӨПБОЛОВ,

Абдолла АМАНТАЙ,

ҚЭУ Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу кафедрасының аға оқытушылары.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button