Құттықтауын арнады
Қарағанды рим-католиктік епархиясының Кафедралды соборында беатификация бойынша қасиетті Месса өтті.
Іс-шараға ватикандық Кардинал Анджело Амато, Польша Республикасы Министрлер Кеңесі комитетінің төрағасы Ян Ковальчук, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан Республикаларындағы апостолдық нунций ФрэнсисАссизиЧулликатт, Польшаның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Мацей Ланг және Швеция, Словакия, Литва, Армения елшіліктерінің өкілдері, Польша, Украина, Ресей, Германия елдерінің және Қазақстанның түпкір-түпкірінен мыңдаған діндарлар қатысты.
Облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков католиктерге құттықтауын арнады. Сондай-ақ, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері бойынша комитетінің төрағасы Г.Шойкин Әлемдік және дәстүрлі діндер Съезі Хатшылығының жетекшісі – ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаевтың, ал, польшалық министр Адам Квятковский Польша Республикасының Президенті Анджей Дуданың құттықтауларын оқып берді.
Облыс әкімінің
баспасөз қызметі.