Облыс әкімі

Тиімді ұсыныстар талқыланды

Облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ «Veolia Asia» компаниясының коммерциялық директоры, бас консулы Лаура ДЕРОНМЕН кездесті.

Бұл компания әлем бойынша суды тазалау, қалдықтарды өңдеу, энергия үнемдеу саласындағы үздіктер қатарында. Сондай-ақ, мемлекеттік мекемелер мен жекеменшік тұтынушылар үшін өзекті мәселелердің шешімдерін ұсынады.

Кездесуге облыстық басқарма­лардың басшылары, Қарағанды, Теміртау, Саран, Шахтинск қалалары мен Абай ауданының әкімдері, сумен қамтамасыз ету және суды жеткізу, тұрмыстық-қатты қалдықтарды тасымалдау кәсіпорындарының өкілдері, облыстың энергия өндіруші станцияларының басшылары қатысты.

«Veolia Asia» компаниясының өкілдері өз қызметтерін ұсынып, ынтымақтастыққа шақырды.

Мәселен, компанияның тұтынушы­лары қатарында өнеркәсіптік кешендер, қоғамдық ғимараттар басқармалары, мемлекеттік органдар, коммуналдық қызметтер бар. Ұсынылатын қызметтер ауқымы кең. Жобалау, құрылыс, энергетика және жылу қондырғыларын қайта жабдықтау мен жаңғырту, қоғамдық орындарды жарықтандыру, сумен қамту жүйелеріндегі энергия тиімділігін арттыру, өнеркәсіптік қызметтер және басқасы.

Кездесу соңында Нұрмұхамбет Әбдібеков компания өкілдеріне қызықты әрі маңызды ұсыныстары үшін алғысын айтты. Кездесуге қатысушыларға ұсыныстарды жіті зерделеуді тапысырып, алдағы ынтымақтастыққа сенім артты.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button