Медицина

Тамақтан уланудын алдын алу

Тамақтан улану, ішек инфекциясының топтық аурулары әлі де үлкен қауіп төндіреді. Жыл сайын тұрғындар арасында, оның ішінде азық-түлік объектілерімен байланысты топтық тамақтан улану жағдайларының тіркелуі жалғастыруда.

Сурет: massaget.kz сайтынан

2023 жылы тамақтану объектісіне байланысты жаппай тамақтан уланудың 1 жағдайы тіркелді. Зардап шеккендер саны – 7, 2022 жылы  2 жағдайда зардап шеккендер саны – 13 болды.

Өткізілген іс-шаралардың нәтижелері бойынша субъектілер белгіленген тәртіппен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары қызметінің басталғаны туралы хабарламағаны, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысыз жұмыс істегені және объектілер ашылғанға дейін санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келтірілмегені анықталды, бұл науқастар арасында жіті ішек инфекцияларының  жаппай сырқаттануына әкелді.

Күнделікті өмірде және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында жұқпалы аурулардың себептері тамақ дайындау үшін пайдаланылатын өнімдерді дұрыс сақтамау, кем дегенде бір сапасыз бастапқы өнімнің болуы, дайын өнімді белгіленген уақыттан ұзақ сақтау немесе тамақ дайындауға және тасымалдауға рұқсаты бар адамдардың лас қолдары арқылы адам денсаулығына қауіпті микроорганизмдердің енуі болуы мүмкін. Мұндай уланудың салдары әртүрлі болуы мүмкін-өлімге дейін.

Кейбір кафелердің, павильондардың, дүңгіршектердің асханаларында көбінесе антисанитариялық жағдайлар орын алған, өнімді сақтау және өңдеу жағдайлары бұзылған – осының барлығы қауіпті микробтар белсенді түрде көбеюіне әкеледі. Тамақты көбінесе арнайы дайындықтан өтпеген адамдар жасаған. Өнімдер әртүрлі ерітінділермен өңделеді, әртүрлі тұздықтар қосылады, нәтижесінде бұл тамақтан улану қаупін күрт арттырады.

Тамақтан уланудың салдары қандай:

– тамақтан уланудың салдары өлімге әкелуі мүмкін.
–  объектінің беделі мен қаржылық шығындары (өнімді шығаруды тоқтата тұру, зардап шеккендерге және зертханалар шығынын өндіріп алу, айыппұл салу) орын алады.
–  мемлекеттік орган тарапынан жоспардан тыс тексерулерге бастамашылық жасау.

Әйгерім ЖЫЛҚЫБАЕВА,
облыстық санитариялық-эпидемиологиялық департаментінің басшысының орынбасары.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button