Бас тақырыпЖаңалықтар
Такси қызметі әкімдікте тіркелуі керек
Жеке тасымалдаушыларға қатысты жаңа талаптар биылғы жылдың қаңтарында күшіне енгеніне байланысты Қарағандыдағы қолжетімді барлық такси қызметтері ресми тасымалдаушылардың бірыңғай тізіліміне енгізілуі тиіс.
– Хабарлама автоматты түрде беріліп, тасымалдаушы тізілімге енгізіледі, сәйкесінше әкімдікте такси қызметінің толық тізімі болады. Такси тасымалдаушысы такси жүргізушісімен еңбек шартын жасауға міндетті, – дейді Қарағанды облысы Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Елжас Жартыбаев.
Сонымен қатар оң рульді көліктер мен шет мемлекеттерде тіркелген көлік иелері бұдан былай көліктерін такси қызметіне пайдалана алмайды.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.