АймақОсакаров

«Таңдау арқылы мемлекет дамуына үлес қосамыз»

Владимир Мажура – әр саяси науқанда белсенділік танытатын Осакаров ауданының азаматы. Осы сайлауда да өз дауысын берді. Жерлестерін аудан болашағына атүсті қарамауға, өз таңдауларын жасауға шақырды.

 

– Сайлауға әр азамат қатысуы тиіс. Бұл – азаматтық борышымыз. Мен 30 жыл бойы дауыс беріп келемін. Саяси науқандарда үнсіз қалған емеспін. Президент реформаларының арқасында әкімді өзіміз таңдап жатырмыз. Өзгерістердің елімізді алға жетелейтіні сөзсіз. Өркендеуге бет алған мемлекет халықтың пікірмен санасады. Аудан игілігі үшін қызмет ететін әкімді таңдау – міндет. Осы таңдауымыз арқылы мемлекеттің дамуына өз үлесімізді қосамыз. Отанын сүйген патриоттардың барлығы таңнан бастап, сайлау учаскесінде жүр, – деді Владимир Мажура.

Ерік Нарын,

Осакаров ауданы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button