Спорт

Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алғашқы медальді қарағандылық жеңіп алды!

Италияның Падуя қаласында өткен семсерлесуден Әлем кубогінде қарағандылық Артем Саркисян жүлдемен оралды. Бұл көрсеткіш Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ересектер арасындағы жеңіп алған алғашқы жүлде. 27 елден 200-ден астам спортшы бақ сынаған.

Қылыштасудан жекелеген жарыста қарағандылық Артем Саркисян финалға еш қиындықсыз өтті. Алайда, ақтық кезеңде жарыс қожайынына есе жіберіп, жүлделі ІІ орынға ие болды. Бұған дейін халықаралық ірі жарыстардың марапаттарын тек семсерлесуші ерлер мен әйелдер өкілдері әкелген болатын.

2022 жылы Артем Саркисян Сеулде (Оңтүстік Корея) семсерлесуден Азия чемпионатының жүлдегері атанды. Жекелеген жарыстардың бірінші күні Қарағанды өңірінің жоғары спорт шеберлігі мектебінің өкілі қола медаль жеңіп алды. Бұған дейін құрлықтық біріншіліктегі жүлделі орынды семсершілеріміз 17 жыл бұрын иеленген болатын. Араға біршама жыл салып жерлесіміз Тәуелсіз Қазақстан тарихында ересектер арасында семсерлесуден Әлем кубогының алғашқы медалін жеңіп алды.

Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button