Облыс әкімі

Төрт нысанмен – төртінші орында

Еліміз бойынша кейбір нысандарды жекешелендіру ісі қызу қолға алынғаны мәлім. Қазір жекешелендірудің екінші толқыны жүргізілуде.

Бекітілген жоспар бойынша, биылғы жылы облыстағы 15 нысан саудаға қойылған. Келер жылы – 18 нысан. Осылайша, 2020 жылға дейін аймақтағы 43 нысан жеке меншікке сатылуы тиіс. Ресми деректі облыстың мемлекеттік активтер және сатып алулар басқармасының басшысы Мұрат Кадековтің аузынан естідік.

Әзірге биылғы межедегі 15 нысанның 7-і жыл соңына дейін қайта саудаға қойылады. Мысалы, Балқаш қаласындағы «Жекпе-жек» спорт нысаны бірінші сатылымда өз қожайынын таба алмаған. Енді, 20 қырқүйекте қайта сатылымға шығады. Құны екі есе төмендетіліп, 11 млн. 640 мың теңге көлемінде белгіленіпті. Ал, Теміртаудағы спорт кешенін жеке меншікке сату мәселесіне шаһар басшылығы қарсы сияқты. «Қазір осы мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық министрілігінен жауап күтіп отырмыз», – деді Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов. Яғни, қала билігі аталған әлеуметтік нысандардың жұмысын үйлестіруді бюджет есебінен қаржыландыру қажет деген тұжырымда. Осыған орай, аймақ басшысы стратегиялық жоспар әзірлеуді тапсырды.

Жалпы, бұған дейін республикадағы 39 нысан жеке меншік иелігіне сатылыпты. Ал, біздің облыста – 4 нысан. Нәтижесінде, Қарағанды облысы республикалық көрсеткіште төртінші орынға тұрақтады.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button