Жаңалықтар

Тұрғындарға тарту

     Қаламыздың Оңтүстік-Шығыс аумағындағы саябақта салтанатты түрде «Street workout» алаңы ашылды. Облыс атынан республикалық сайыстарда топ жарып жүрген көше жаттығу­ларының үздіктері бір алаңда бас қосты.

Алаңның ашылуы қала жастарын қуанышқа бөледі. Аталмыш спорт түрінің елімізде енді қарқып алғанын ескерсек, көше жаттығуының бұл түріне қызығатын жасөспірімдердің қатары артқаны байқалды. Аталған іс-шара осы спорт түрін жан-жақты көрсету және жастар арасында саламатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталды. Қарағанды облыстық «Street workout» федерациясының төрағасы Әлішер Самарбаевтың айтуынша, шаһардағы орталық саябақта және Майқұдық, Пришахтинскіде аталмыш спорт түріне арналған жаттығу алаңдары бар. Онда жастар қалаған жаттығу түрімен шұғылданады. Ең алдымен, өз денесін одан әрі жетілдіріп, саламатты өмір салтын ұстанады.

Дамир МҰРАТҰЛЫ, Қазақстан Республикасы «Street Workout» федерациясының президенті:

«Street workout» алаңдарының Қарағанды облысынан ашылғаны Қазақстан спорт федерациясы үшін үлкен қуаныш. Жастарға арналған алаң Ұлттық олимпиада комитетінің және Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асты. 2016 жылы Елбасы бұл ойын түрлерін жаңғыртуға тапсырма берген болатын. Бұған дейін Алматы, Астана, Шымкент, Ақтөбе, Тараз, Ақтау қалаларында ашылды. Біздің басты мақсатымыз – шымыр жастарды дайындап шығару, оларды көше жаттығуына баулу. Бұл алаңдарда кез келген жастағы қала тұрғыны жаттыға алады.

Жалпы, «Streer workout» елімізде олимпиадалық комитеттің шешімімен спорт түрі ретінде енгізілді. Көше гимнастикасы болғандықтан, көп шығын талап етпейтін воркаут спортына алаңдар және жаттығатын қондырғылар болса жеткілікті. Қазіргі таңда аталмыш спорттың елімізде жаңғырғанына көп жыл өтпесе де, отандық спортшылар АҚШ-та өтетін көрсетілімге қатысып, Гиннестің рекордтар кітабына енген көрсеткіштерін жаңартпақшы.

Аяулым Совет

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button