ЖаңалықтарСпорт

Қазақстандықтардың жартысына жуығы спортпен тұрақты түрде айналысады

2026 жылы Қазақстанда үш жастан асқан халықтың 47,7 пайызы дене шынықтырумен және спортпен айналысады. Бұл көрсеткіш 2025 жылмен салыстырғанда 1,2 пайыздық тармаққа өскен. Зерттеу 12 мың үй шаруашылығы арасында жүргізілген.Нәтижесінде Қарағанды облысында ұйымдастырылған спорттық сабақтарға ерлердің 21,7 пайызы, әйелдердің 16 пайызы қатысатыны анықталды, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Спортпен айналысатындардың 19,2 пайызы бос уақытында өз бетінше жаттығады, 28,1 пайызы білім беру ұйымдарындағы спорттық сабақтарға қатысады. Ал 0,4 пайызы спортпен кәсіби түрде айналысады.

Қала тұрғындарының 49,3 пайызы спортпен шұғылданса, ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш 45 пайызды құрады. Өз бетінше жаттығатындардың ең жоғары үлесі 36-48 жастағы азаматтар арасында – 28,4 пайыз.

Жынысы бойынша көрсеткіштер шамалас: өз бетінше спортпен айналысатындардың 51 пайызы – ерлер, 49 пайызы – әйелдер.

Ерлер арасында өз бетінше спортпен айналысатындардың ең жоғары үлесі Жамбыл облысында – 68,5 пайыз, Түркістанда – 66,2 пайыз және Қызылордада – 60,6 пайыз. Әйелдер арасында ең жоғары көрсеткіш Шымкентте – 53,8 пайыз, Астанада – 52,1 пайыз және Ақмола облысында – 49,7 пайыз.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button